Сионистік режим Сирияға әуеден шабуыл жасады
(last modified Sun, 17 Mar 2024 16:18:51 GMT )
Нау 17, 2024 22:18 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Сирияға әуеден шабуыл жасады

Сирия ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сирия армиясының әуе қорғаныс жүйесі Дамасктың айналасындағы Қаламун тауларына жасалған шабуылдарға жауап берді.

Израиль армиясы Дамасктың солтүстігіндегі Каламун ауданындағы позицияларды нысанаға алды.

Израильдің қырғи ұшақтары Сирияның Голан жоталарынан ұшып шығып, Дамасктың айналасындағы позицияларды бірнеше зымыранмен нысанаға алуға тырысты.

Сирия армиясының әуе қорғаныс жүйелері зымырандардың көбін нысанаға жеткізбей атып түсірді.

Сирия бұған дейін де Израиль тарапынан шабуылдардың қайталанатынын ескертіп, осы режим шабуылдарының жалғасуы аймақта текетірес пен қатыгездікті одан ары арттырып, жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деген болатын.