Сауд Арабиясы халықаралық жәрдем берушілердің тез арада Йеменнен шығуын талап етті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i766
Сауд Арабиясы Йемендегі адами дағдарысты өрістету мақсатында халықаралық жәрдем берушілерден осы елден шығуды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 14, 2016 22:28 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы халықаралық жәрдем берушілердің тез арада Йеменнен шығуын талап етті

Сауд Арабиясы Йемендегі адами дағдарысты өрістету мақсатында халықаралық жәрдем берушілерден осы елден шығуды талап етті.

БҰҰ- ның Йемендегі гуманитарлық істерді үйлестірушісі Джейми Макголдрик Ливанның «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатында: «Сауд әулеті БҰҰ- ға хат жолдап Йеменге гуманитарлық көмектерді тоқтатуды және жәрдем берушілерді осы елден шығаруды талап етті.

Йемендегі адам апаты Сауд әулетінің жасап отырған шабуылдарына байланысты өрістеп жатқан кезде Сауд Арабиясы осындай талап қойып отыр» деді.

БҰҰ- ның Йемендегі гуманитарлық істерді үйлестірушісі сондай- ақ Йемендегі барлық жауласушы тараптарды адам құқығы жөніндегі халықаралық заңдарды құрметтеуге және гуманитарлық көмектердің осы ел халқының қолына жетуіне рұқсат етуге шақырды.

БҰҰ- ның мәліметтері бойынша, 2015 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясының АҚШ және өзімен одақтас кейбір елдердің демеушілігімен Йеменге шабуылдары басталған кезден қазірге дейін 8 мыңнан астам йемендік қаза тауып, шамамен 28 мың адам жараланған.

Сондай- ақ Йеменде 2 миллион 500 мың адам босқынға айналған.