Израиль, сен жеңілдің!
(last modified Thu, 18 Apr 2024 12:55:36 GMT )
Сәу 18, 2024 18:55 Asia/Almaty
  • Израиль, сен жеңілдің!

Түркиялық сарапшының Израильдің психологиялық амалдарына қарсы Иранның данышпандығы туралы пікірі

Түркияның Батыс Азия істері жөніндегі сарапшысы түрлі нақышқа толы қолдан тоқылған ирандық кілемнің суретін жариялап, Иранның стратегиялық сабырлығы мен данышпандығына тоқталып, Иранның зымырандық шабуылынан кейін сионистердің оны маңызсыз деп көрсетуге бағыттаған психологиялық амалдарын масқаралады.

Сионистік режимнің Дамасктағы Иран елшілінің консулдық бөліміне жасаған лаңкестік шабуылына реакциясында Иран "Шын уәде" операциясы аясында қарымта жауап бергеннен кейін енді израильдіктер Иранға және оның осы операциясына қарсы психологиялық соғыс кеңістігін тудырып, әлеуметтік желілерде өзінің ақпарат құралдары мен кибер күштерін белсенді етуге тырысып жатыр.

Осы орайда Түркияда тұратын сириялық сарапшы Инстаграм парақшасында пост жазып, сионистік басқыншылардың Иранның маңызды нысандарына шабуыл жасау туралы қоқан-лоқыларына реакция білдірді.

Түркиялық журналист әрі тілші Хұсейни Махалли бұдан бұрын Иранның Израильдің әскери нысандарына қарсы теңдессіз зымырандық және дрондық операциясына реакциясында оны басқыншылармен күресте палестиналықтар мен араб әлеміне абырой-бедел мен престижді қайтару деп атаған еді, осы жолы түрлі нақышқа толы қолдан тоқылған ирандық кілемнің суретін жариялап, сионистік режимге қарсы Иранның стратегиялық сабырлығы мен данышпандығына тоқталды.

Түркиялық журналист әрі тілші Хұсейни Махалли Инстаграмдағы посты

Хұсейни Махалли түрлі нақышқа толы қолдан тоқылған ирандық кілемнің суретін көрсетіп, ирандықтардың 10 мың жылдық тарихына тоқталып, жалған тарихқа ие Израиль режимін келекеледі.

Бұл тілші Инстаграмдағы соңғы постында: "1948 жылы құрылған, яғни нөл жасқа ие жалған Израиль режимі кемінде 10 мың жылдық тарихы бар ирандықтарға қарсы тұрамын деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.

Хұсейни Махалли бұған дейін: "Иран ислам және араб елдері арасында Палестинаны азат ету арманын қолдап, басқыншыларға шынайы әрі табанды қарсы тұрып келе жатқан жалғыз ел",-деген болатын.