ИСИМ лаңкестік тобының жетекшісі Ирактың Фалудже қаласынан қашып кетті
(last modified Sun, 14 Feb 2016 16:58:03 GMT )
Ақп 14, 2016 22:58 Asia/Almaty
  • ИСИМ лаңкестік тобының жетекшісі Ирактың Фалудже қаласынан қашып кетті

Ирактың әскери дереккөздері ИСИМ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір Бағдадидің Евфрат аймағында жүргенін хабарлады.

Ирак армиясының барлаушы офицерлерінің бірінің айтуынша, Ирактың батысында орналасқан әл-Анбар облысындағы Фалудже қаласының толығымен қоршауға алынуына байланысты ИСИМ-нің жетекшісі Ирак пен Сирияның шекараларында Евфрат аймағына қашып кеткен. Бұдан бұрын Ұлыбританияда шығатын «The Times» газеті Әбубәкір Бағдади Фалуджеде жүр деп хабарлап, сол туралы суреттер жариялаған болатын.