Аймақ елдері лаңкестікпен күресу үшін ынтымақтастық жасауы керек
Maм 23, 2016 22:27 Asia/Almaty
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы аймақ елдерінің лаңкестікпен күресу үшін ынтымақтастық жасауы керектігін қуаттады.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари лаңкестік пен әсірешілдікті аймақтың тұрақсыздығы мен қиыншылықтарының факторы деп атап: "Аймақ қауіпсіздігі аймақтағы елдердің мойнында. Ортақ саясат пен келісімсіз аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға мүмкіндік тумайды. Сирия дағдарысы Сауд Арабиясы сияқты елдердің жобаларының орындалуының салдары болып, оның зардаптары бүкіл әлем халықтарына тиіп отыр" деді.
Тегтер