Сана университетінде бомба жарылысы болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8101-Сана_университетінде_бомба_жарылысы_болды
Йемен астанасы Сана университетінде бомба жарылып, кем дегенде үш адам қаза болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 24, 2016 20:49 Asia/Almaty
  • Сана университетінде бомба жарылысы болды

Йемен астанасы Сана университетінде бомба жарылып, кем дегенде үш адам қаза болды.

Араб тіліндегі «Sky News» арнасының хабарлауы бойынша, Санадағы әдебиет университетінде болған бомба жарылысының салдарынан үш адам қаза тауып, төрт кісі жараланды.

Осы мәлімет бойынша, жарылыс сейсенбі күні Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысын жақтаушылардың жиналысын нысанаға алған.

Дүйсенбі күні де Йеменнің оңтүстігінде Аден облысында екі бомба жарылысынан 40-тан астам адам қаза болып, ондаған кісі жараланды.