Лариджани: Біз Ливан мен қарсыласуды барлық деңгейде қолдауға дайынбыз
ParsToday – Қарсыласу шәһидтерінің көшбасшысының шәһид болу жылдығы рәсімдеріне қатысу үшін Ливанға барған Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Хизболланың бас хатшысы шейх Наим Қасыммен кездесті.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани жексенбі күні Ливан Хезболласының бас хатшысы шейх Наим Қасыммен кездесуінде имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің нұсқауларына сүйене отырып, Иранның Ливанға және оның қарсыласуына қолдау көрсетуін қуаттап: «Иран Ливанға және оның қарсыласуына кез келген деңгейде қолдау көрсетуге дайын»,- деді.
Ливандағы Хезболла ұйымының бас хатшысы шейх Наим Қасым де Иран басшылығына, оның үкіметі мен халқына Ливандағы Хизболла ұйымы бас хатшыларының шәһид болған күнінің жылдығында қарсыласумен ынтымақтастығын білдіргені және Ливан мен оның қарсыласуы үшін жасаған әрекеттеріне алғыс айтты.
Ол ирандық делегацияны Ливанның америкалық-сионистік сын-қатерлер мен қоқан-лоққыларға қарсы төзімді екеніне және осы төзімді ұлттың абырой, бостандық және тәуелсіздікке ие екендігіне сенімді болуына назар аудартты: «Кімде-кім халықтың батыл және сабырлы ұстанымдарын көрсе, сионистік дұшпанмен күрестегі жеңіс солардыкі екеніне сенеді».
Хизболланың Бас хатшысы: «Хизболла барлығымен ашық түрде араласады және сионистік дұшпанға қарсы тұрғандармен кез келген ынтымақтастыққа дайын»,-деп қосты.
Шейх Наим Қасым: «Сионистік дұшпан барлық халықтар, егемендіктер мен қарсыласу үшін қауіп төндіреді және біз сионистік режимнің басқыншылығының ислам елінің таңғажайып табандылығы алдында қорлық көріп, соңына жететініне сенеміз»,- деп баса айтты.