Қарсыласу әзілі: Израиль танкі Х аукционына қойылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i81616-Қарсыласу_әзілі_Израиль_танкі_Х_аукционына_қойылды
ParsToday - Газалық палестиналық жасөспірім Израиль танкінің суретін жариялап, оны сатуға қойды.
(last modified 2025-10-13T14:15:49+00:00 )
Қаз 13, 2025 15:44 Asia/Almaty
  • Қарсыласу әзілі: Израиль танкі Х аукционына қойылды

ParsToday - Газалық палестиналық жасөспірім Израиль танкінің суретін жариялап, оны сатуға қойды.

Газа жасөспірімі өзінің X парақшасында атысты тоқтату туралы келісім жарияланғаннан кейін Газада қалдырылған танктің суретін жариялады. ParsToday агенттігінің Fars-қа сілтеме жасап хабарлауынша, ол танк сатушы ретінде әзіл-қалжыңмен және ирониялық түрде танкті осылайша жарнамалайды: «Біз бұл танкті қолға түсірдік, қазір оны сатып жатырмыз. Техникалық тұрғыдан дұрыс, зәйтүн түсі бар және люкпен жабдықталған».

Содан кейін ол израильдіктердің жеңіліске ұшырап, жерінен кеткеніне қуанышын білдірді: «Осы бейнені Нетаньяхуға жіберіңдер» деді.

Бір араб қолданушысы жарнаманы әзілмен қабылдап: «Оны жарып жіберіп, жарамсыз еткен батырлардың қолын Алла сақтасын» деп жазды.

Тағы бір адам Газа халқының қайтпас рухы туралы жазып, осы палестиналық жасөспірімнің әрекетіне тоқталып: «Олар (Газа халқы) бізді әрқашан таң қалдырады. Расында, олар ең күшті халық» деп жазды.

Тағы бір қолданушы бұл видеоны жариялауды сылтауратып, Газаны былай сипаттайды: «Мынау – танк зираты, мынау – ерлер зауыты, мынау – Газа. Қақаған аязда киген тәпішкесін көрдің бе! (Сонымен) ол ең қуатты сионистік танктерді аукционға қойып жатыр! Бұлар Нетаньяхудың басын тәпішкемен басып жүрген Газа жастары!»

Қақаған аязда киген тәпішкесін көрдің бе! (Сонымен) ол ең қуатты сионистік танктерді аукционға қойып жатыр!

 

Тағы бір қолданушы қарсыласу мен қираған израильдік танктердің үйінділерінен көтерілген Палестина туының суретін осылайша көрсетті.