Жәннати: Сауд Арабиясы Иранның талаптарын қамтамасыз етсін
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8257
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: "Егер Сауд Арабиясы Иранның талаптарын қамтамасыз ете алмаса, биыл қажылық парызы өтелмейді" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 26, 2016 20:50 Asia/Almaty
  • Жәннати: Сауд Арабиясы Иранның талаптарын қамтамасыз етсін

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: "Егер Сауд Арабиясы Иранның талаптарын қамтамасыз ете алмаса, биыл қажылық парызы өтелмейді" деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Әли Жәннати Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қажылық мәселесіндегі Иран мен Сауд Арабиясының келісімі жөнінде талқыланған оң хабарлар туралы: «Сауд Арабиясының жалпы саясатының өзгеруі екіталай. Себебі ирандық делегацияның олармен соңғы кездесулерінде қажыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және мүмкіндіктер беру туралы Иранның көптеген ұсыныстары қабылданбады.

Иранның негізгі мәселесі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болып табылады. Иран азаматтарына консулдық қолдау көрсету үшін Иранның Сауд Арабиясында еш консулдығы болмаған жағдайда, әсіресе Сауд Арабиясының 460-тан астам ирандық қажының өліміне соқтырған былтырғы салғырт қатынасынан кейін қажыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету аса маңызды мәселе болып табылады» деді.

Өткен жылы мыңдаған қажы, соның ішінде 464 ирандық қажы Құрбан айт күні (2015 жылы 24 қыркүйек) қажылық рәсімін орындау кезінде Мина жерінде Сауд әулеті басшыларының нашар басқарушылығы салдарынан қазаға ұшырады.