Ирактың Қорғаныс министрлігі Фаллуджені азат ету амалдарының екінші кезеңінің басталғанын хабарлады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8293-Ирактың_Қорғаныс_министрлігі_Фаллуджені_азат_ету_амалдарының_екінші_кезеңінің_басталғанын_хабарлады
Ирактың Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні әл-Анбар облысында Фаллудже қаласын азат ету амалдарының екінші кезеңі мен осы ел армиясының алға қойған мақсаттарының орындала бастағанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 27, 2016 18:58 Asia/Almaty
  • Ирактың Қорғаныс министрлігі Фаллуджені азат ету амалдарының екінші кезеңінің басталғанын хабарлады

Ирактың Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні әл-Анбар облысында Фаллудже қаласын азат ету амалдарының екінші кезеңі мен осы ел армиясының алға қойған мақсаттарының орындала бастағанын хабарлады.

«Әл-Ахд» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Ирактың Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Бұл амалдардың келешектегі кезеңдері Ирак азаматтарын ДАИШ-тың қолынан азат ету үшін Фаллудже қаласына шабуыл жасаудан тұратын болады»,-делінген.

Осындай жағдайда Ирактың федералдық полиция басқармасының қолбасшысы Шакер Джудат ДАИШ лаңкестік тобының көршілес облыстардан Фаллуджеге апаратын барлық байланыс жолдарының жабылғанына тоқталып, босқындардың өз аудандарына қайтып оралу жобасы дайындалғанын мәлімдеді.