Ирактың Қорғаныс министрлігі Фаллуджені азат ету амалдарының екінші кезеңінің басталғанын хабарлады
Ирактың Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні әл-Анбар облысында Фаллудже қаласын азат ету амалдарының екінші кезеңі мен осы ел армиясының алға қойған мақсаттарының орындала бастағанын хабарлады.
«Әл-Ахд» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Ирактың Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Бұл амалдардың келешектегі кезеңдері Ирак азаматтарын ДАИШ-тың қолынан азат ету үшін Фаллудже қаласына шабуыл жасаудан тұратын болады»,-делінген.
Осындай жағдайда Ирактың федералдық полиция басқармасының қолбасшысы Шакер Джудат ДАИШ лаңкестік тобының көршілес облыстардан Фаллуджеге апаратын барлық байланыс жолдарының жабылғанына тоқталып, босқындардың өз аудандарына қайтып оралу жобасы дайындалғанын мәлімдеді.