Джабери Ансари: Ирандық зияратшылардың биылғы қажылыққа бара алмауына Сауд Арабиясы жауапты
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясы Иран үшін барлық жолдарды жапты. Ирандық зияратшылар қажылық парыздарын өтей алмаған жағдайда бұған саудиялықтар жауапты болады»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабер Ансари сенбі күні кешке Иранның 3-арнасының «Мәтін және жиек» атты бағдарламада биылғы қажылық туралы: «Сауд Арабиясы өзінің ұрандарына керісінше қажылық мәселесін саяси қарым-қатынасқа араластырып отыр. «Сауд Арабиясы әртүрлі мәселелер бойынша өзін Иранға қарсы қойып, өз саясатын Иранмен текетіреске негіздегеніне біраз уақыт болды. Жуырдағы шаралар мен сұхбаттар бойынша Сауд Арабиясы өзінің ең қарапайым міндеттерін, яғни қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтауды және оларға консулдық қолдау көрсетуді қабылдамай отыр. Аймақтағы көптеген оқиғаларға Сауд Арабиясы жауапты. Бұл елдің қатыгез саясаттарының бір дәлелі әлемдегі саудиялықтардың қатынасы мен әлемдік пікірге алаңдауы болуы мүмкін»,-деп мәлімдеді.