Түркия халқы Сирияға шапқыншылыққа қарсы
Түркия халқы мен армиясы ел президентінің Сирия жеріне шапқыншылық жасау ниетіне қарсы.
«Alalam» телеарнасы Түркия азаматтарынан алған сұхбат негізінде «Түркия халқы Сирияға кез- келген әскери араласуға үзілді- кесілді қарсы. Сондай-ақ Сирияға араласуды насихаттаудың мақсаты Сирия армиясының лаңкестікке қарсы жеңістерін өзінің көлеңкесінде қалдыруды көздейді» деп мәлімдеді. Осы мәлімет Түркия халқының ел үкіметінің Сирияны құртуға талпыныс жасап, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген желеумен Сирия жерінің бір бөлігін басып алуды мақсат етіп отыр деп санайтынын жариялады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз елінің қауіпсіздік саласы басшыларымен өткізген отырыстан кейін «Түркия армиясы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сүйенбей, Сирияға қарай еш әрекет жасамайды» деп мәлімдеме жасалды. Бұл мәселе Түркия армиясының Ердоғанның ниетіне қарсылық танытқанын көрсетеді.