Арабстандық жалдамалылар Йеменнің орталығында жеңіліске ұшырады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8719
Йемен армиясы мен халықтық күштері Арабстан жалдамалыларының осы елдің орталығындағы Мариб облысына енуіне тосқауыл қойды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 02, 2016 19:43 Asia/Almaty
  • Арабстандық жалдамалылар Йеменнің орталығында жеңіліске ұшырады

Йемен армиясы мен халықтық күштері Арабстан жалдамалыларының осы елдің орталығындағы Мариб облысына енуіне тосқауыл қойды.

Аl masirah хабар торабы Йемендегі әскери және халықтық күштердің саудиялық жалдамалы күштердің осы елдің орталығындағы Мариб облысының батысындағы аймаққа енуіне тосқауыл жасауының бірқатар саудиялық жалдамалының өліміне жеткізгенін хабарлады.

Йеменнен келіп түскен келесі хабар бойынша Йеменнің халықтық және әскери күштерінің сәрсенбі күні түнде Йеменнің отставкаға кеткен үкіметінің жақтастары мен Йеменге шапқыншылық жасайтын Арабстан басқаратын коалиция күштерінің қару-жарақ және оқ-дәрілерінің орталық қоймасын Марибтағы әскери аймақта нысанаға алғаны белгілі болды.

Мұнымен қатар Йеменнің қалалары мен облыстары, соның ішінде астанасы Сана мен Дамар, Ходейда және осы елдің батысындағы Райма қалаларында сәрсенбі күні Йеменнің оңтүстігіндегі америкалық күштердің құзырына наразылық білдірген шерулер өткен.

Бұдан бұрын америкалық 200 әскери әл-Қаида лаңкестік тобымен күресу деген сылтаумен Йеменнің оңтүстігіндегі портты қала Мукаллаға енген болатын.