Аятолла Араки: Йеменнің қайсар халқы ислам бірлігінің айқын үлгісі
Исламдық мазхабтарды жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Йемен халқын ислам бірлігінің айқын үлгісі деп атады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Исламдық мазхабтарды жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки бүгін сейсенбі күні Құм қаласында Зейдие және сүннит ғұламалары делегациясын қабылдауында: "Йемен түрлі тайпалар мен мазхабтардан құралып отырса да бүгінде үлгі боларлық бірлікпен шапқыншылар мен дұшпандарға қарсы тұр" деді.
Аятолла Араки исламдық мазхабтарды жақындастыру ассамблеясының Йемен халқын жан- жақты қолдау үшін әзірлігін жариялап: "Ислам үмбетіне қауіп төндіретін ең үлкен қатер іріткі салу және бытыраңқылық болып табылады" деді.
Исламдық мазхабтарды жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы сондай- ақ осы ассамблеяның мақсатын ислам үмбетінің болмысын жандандыру деп мәлімдеп: "ИИР жақындастыруға саяси стратегия ретінде қарамайды, бірлік және жақындасу діни мақсат саналады" деді.
Йемен ғұламалары да Сауд әулетінің Йемендегі қорғансыз әйелдер мен балаларға қарсы кейбір қылмыстарын әшкере етіп, Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылынан осы елдің барлық инфрақұрылымдарының, ауруханалар мен мектептер және кәсіпорындардың, электр стансалары мен тұрғын үйлердің қирағанын айтты.