Саудиялықтар Йеменде тыйым салынған қаруларды қолданып отыр
Халықаралық Кешірім ұйымы саудиялықтардың Йеменде тыйым салынған қаруларды, соның ішінде жарықшақты бомбаларды қолданып отырғанын айғақтады.
«Пресс ТВ» телеарнасының хабарлауынша, саудиялықтардың Йеменге жасаған жабайы шабуылдарының жалғасында Халықаралық Кешірім ұйымы адам құқығы негізіндегі белсенді ұйымдардан Сауд Арабиясының Йеменде жарықшақты бомбалар қолданғаны туралы айғақ-деректерді жинап, британдық бір компанияның осы бомбаларды жасап, Сауд Арабиясына бергенін мәлімдеді.
Дүйсенбі күні Йеменнің солтүстік- батысындағы Сағде облысында жарықшақты бомба жарылып, бір әскери емес азаматтың өлімі мен бір баланың жаралануына соқтырды.
Соңғы кезде кедейшілік, ашаршылық және әділетсіздіктің тамырын жою үшін «Oxfam» ең үлкен халықаралық көмек- жәрдем топтарының атқарушы директоры Марк Голдринг Ұлыбританияның Сауд Арабиясына қару сатуы және эр- Риядқа техникалық- әскери демеушіліктері саудиялықтардың Йемендегі аяусыз соғысының күшеюіне себеп болып отыр деп мәлімдеді.
Жарықшақты бомбаларды қолдануға 2008 жылғы жарықшақты оқ-дәрілер конвенциясы бойынша тыйым салынған.
Әлемнің 108 елі осы конвенцияға қол қойған.