Насролла: Израиль мен Сауд Арабиясының Сириядағы мақсаттары сәтсіздікке ұшырады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i946
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Израиль мен Сауд Арабиясының Сириядағы қастықтарының сәтсіздікке ұшырап, тұйыққа тірелгенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 17, 2016 15:20 Asia/Almaty
  • Насролла: Израиль мен Сауд Арабиясының Сириядағы мақсаттары сәтсіздікке ұшырады

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Израиль мен Сауд Арабиясының Сириядағы қастықтарының сәтсіздікке ұшырап, тұйыққа тірелгенін айтты.

«Әл-Әлам» ақпарат арнасының сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла қарсыласу қозғалысының шәһид болған басшылары шейх Рағеб Харб, Аббас Мусави және Имад Моғниені еске алып: «Сирияның кекшіл дұшпандары аймақта соғыс ашуға дайындалды. Олар бұл елдің дағдарысын саяси жолмен шешу үшін әрекет жасамайды. Бірінен соң бірі орын алған сәтсіздіктер Сауд Арабиясы мен Түркияны ДАИШ-пен күресуді сылтауратып, халықаралық коалиция туының астында құрлық күштерін енгізу туралы ойларға жеткізді. Біз Сирияны басып алуға рұқсат етпейміз. Израиль де өзінің арманына жетпейді. Израиль Сауд Арабиясы және Түркиямен қарым-қатынас орнатып, бұл екі елдің үкіметімен Башар Асадтың үкіметін құлатуға келісті. Әл-Қаиданың Сириядағы тармақтары саналатын ДАИШ пен Джебхат ән-Носрат Сирияны жаулап алып, жәһілдік тәртіп орнатуды көздеген мақсаттарына жеткен жоқ»,- деп қуаттады.