Оухади: Арабстан өзінің жеңілістерінің есебін қажылықта теңестірді
Иранның Қажылық және зиярат ұйымының басшысы саудиялықтардың басқа шептердегі жеңілістерінің есебін қажылықта теңестіріп, ирандық зияратшыларға қажылық парыздарын өтеуге рұқсат бермегенін мәлімдеді.
Теһранда шығатын «Арман» газетінің бүгін, бейсенбі күнгі санында жарияланған мәліметке сәйкес, Иранның Қажылық және зиярат ұйымының басшысы Саид Оухади келесі себепті саудиялықтардың қорытынды статистиканың жариялануы мен Арабстанның Мина апатындағы қателіктерінің ирандық зияратшылар тарапынан әшкере болуынан қорқу деп атап: «Саудиялықтар соңғы сәтке дейін тіпті, саудиялық Денсаулық министрлігі жариялаған 4370 адамды да қоспай, қайтыс болғандардың санын 700 адам деп жариялаған болатын» деді.
Саид Оухади Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің Мина апаты туралы кесімді ұстаным білдірген соң Иранның өзінің қайтыс болған зияратшыларының сүйектерін елге жеткізген жалғыз ел болғанын айтты
Иранның Қажылық және зиярат ұйымының басшысы Мина апатына қатысты Арабстанда дауысы өктем шыққан тек ИИР-ның үні болғанын, осындай себептерге байланысты Арабстанның қажылықта ирандық зияратшылардың құзырына кедергі жасағанын айтты.