Түркия Премьер-министрінің Ресейдің Сириядағы әрекеттері туралы уәждері
«Ресей Сирияның солтүстігінде геноцид жасауда». Бұл Түркия Премьер-министрі Давудоғлының Сирияның үкіметтік күштерінің алға ілгерілеуі және Ресей әуе күштерінің Алеппо аумағында сириялық күштерді қолдауына білдірген реакциясының бір сөйлемі.
Түркия Премьер-министрі Санджар, Кобани сынды қалалардың, алавилер өмір сүретін Ақраба ауылы, сондай-ақ, Сирияның шығысындағы Хатла мен Дейр-эз-Зор сынды ауыл мен қаланың атауларын естімегендей Ресейді Сирияның солтүстігінде геноцид жасауда деп айыптады. Ирак пен Сирияның бұл қалалары мен ауылдары ДАИШ тәкфіршіл топтардың нысаналарына түсіп, сол елді мекендердің адамдары Батыс үкіметтері мен аймақтағы Сауд Арабиясы, Қатар және Түркияның айқын да жасырын қолдауларына ие топтардың геноцидінің құрбандарына айналды.
Түркия Премьер-министрі Әділет және даму партиясының Анкарадағы кезеңдік отырысында: «Түркия халқының арасында бүлік тудырғысы келетіндер нәтижеге жетпейді»,- деп баса айтты. Давудоғлы Хатла мен Дейр-эз-Зордағы шиіттер мен христиандардың сионистік тәкфіршіл ДАИШ тобының мүшелері тарапынан қорқынышты түрде өлтірілгендері ұмытылған сынды Түркияда ұлтаралық және дінаралық қайшылықтар мен бүлік тудыру және бөгде елдердің рөлі туралы айтуда.
Түркия Премьер-министрі мен елдің басқа басшылары Ұлыбританияның 60-тан астам парламентарийі Дэвид Кэмеронға хат жазып, одан БҰҰ-на қысым жасап, Ирак пен Сириядағы ДАИШ-тың діни азшылықты қыруы мен азаптауын геноцид және соғыс қылмыстары ретінде қабылдатуды талап еткендерінен хабарсыз көрінеді.
Түркия басшылары Франция теледидарының деректі фильмін көрмеген сынды. Бұл фильм армяндардың осман түріктерінің қолынан қырылуының жылдығында көрсетілді. Фильмнің жалғасында Түркияның соңғы жылдардағы Сирияға қарсы қылмыстары мен Анкараның ДАИШ-пен ынтымақтастық жасап, сириялық әйелдер мен балаларды қыруы көрсетілді.
Бұл мәлімдеме мен деректі фильмде Сириядағы ДАИШ өлтірген көптеген христиандар мен мұсылмандардың қазасына Түркия үкіметінің жауапты екендігі көрсетілген. Келешекте Түркия басшылары армяндарды қыруымен бірге Сирия халқын қырғаны үшін де жауап беруге міндетті болады. Сириядағы әйелдер мен балаларды өлтіру, христиан баланы анасының көз алдында өртеу Түркияның қолдауымен орын алды. Мұндай айғақтардың болуына қарамастан Давудоғлы: «Ресейдің әскери ұшақтары Алеппоның қалалары мен ауылдарында мектептер мен мешіттерді, ауруханаларды нысанаға алуда»,- деген уәж айтты. Давудоғлы өзі мен Түркияны Сириядағы солтүстік Алеппо қаласының қорғаушысы деп таныстыруда. Давудоғлы Ресейді Сирияның қалалары мен ауылдарын бомбалады деген айыптауларын Түркияның артиллериясы төрт күн қатарынан Сирияның күрдтерін нысанаға алып отырған жағдайда айтуда. Айта кететін жәйт, Түркия сириялық күрдтердің туған жерлерін шапқыншылар мен ДАИШ және Дамаск үкіметіне қарсы басқа топтардан қорғауын лаңкестік әрекет деп атап, Сирия үкіметіне қарсы қарулы топтардың әрекеттеріне көзжұмбайлық танытты. Түркияның кейбір саяси топтары бұл шабуылдармен қанағаттанбай, Сирияның соғысын құрлықтан араласу арқылы тоқтайды деп санайды. Түркия үкіметінің қарсылас партиялар мен қайраткерлері бұл елдің Сирияға әскери араласуының салдарлары мен қатері туралы Түркияның үкімет басшыларына ескерту жасады.