Иран мәжілісінің депутаты: Сауд Арабиясы - ДАИШ- тің рухани атасы
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының мүшесі Сауд Арабиясын ДАИШ лаңкестік тобының рухани атасы деп атады.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының мүшесі Мұхаммад Джавад Джамали Ноубандегани мәжілістің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ пен Сауд Арабиясының Теһранның аймақтағы бүлдіргі рөлі деген Иранға қарсы ортақ мәлімдемесі туралы: «АҚШ- тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзі жазған кітабында бұл елдің ДАИШ-ты құрғанын мойындағаны жазылған. Сондықтан Иранды лаңкес деп атап, Теһранды аймақтық істерге араласып отыр деп айту өзінің кінәсін өзгеге арту болып табылады.
Сауд Арабиясы аймақта байлыққа ие болғанының арқасында өзін аймақтың жандармы санайды. Иран аймақтың тұрақтылығын қолдаушы болып, әрдайым аймақ елдеріне достық қолын созып келеді» деді.