Израиль палестиналық аймақтарды еврейлендіруді жалғастыруда
Сионистік режим басып алынған палестиналық жерлердің құрылымын өзгерту саясаттарын жалғастырып, бұл аймақтарда жаңа қалашықтар салу жоспары туралы хабарлады.
Сионистік режимнің Құдс қаласындағы әкімшілігі Рамалла мен Құдс қалаларының ортасындағы ескі әуежайдың орнында жаңа қалашықтың құрылысын бастауды көздеп отыр. Палестиналық-израильдік келіссөздер жүріп жатқан өткен жиырма жылда Израиль басшылары уақытты пайдаланып, 1967-ші жылы басып алынған палестиналықтардың жерлері мен үйлерін тәркілеп, сионистер өмір сүретін қалашықтар тұрғызып, палестиналықтардың қайтып оралатын жолдарын жапты. Жаңа жоба бойынша Израиль 15000 пәтер салады.
1990-шы жылдардың ортасынан бері мұндай құрылыс жүргізілмеген болатын. Израиль үкіметі жексенбі күнгі отырысында Иордан өзінінің батыс жағалауындағы сионистердің қалашықтарын дамытып, құрылыс жүргізу үшін 72 миллион доллар қаржы бөлді. Сонымен бірге 40 миллион доллар израильдік қалашықтар кеңестерін дамытып, уақытша үйлерді тұрақты үйлерге айналдырып, қалашықтарда туризмді дамыту мақсатында бөлінді.
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қалашықтарды басып алынған Құдсқа қосу – Израиль басшыларының 1967-ші жылдан бергі «асқақ арманы».
Бұл жерледің басып алынуымен тұспа-тұс 1967-ші жылы қалашықтар құрылысы бастала салысымен Израильдің мақсаты басып алынған жерлерде алға қадам басып, өз жағдайын бекіту болды. Өйткені Иордан өзенінің батыс жағалауы мен қасиетті Құдс қаласының басып алынуымен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 242-ші тарихи қарарды бекітіп, бұл аймақтарды басып алынған аймақтар деп жариялап, сионистік режим әскерінің осы жерлерден шығуын талап етті.
Осыған орай Израиль басшылары бір жағынан қалашықтар салып, паластиналықтардың жерлерін тарылтты, басқа жақтан қалашықтарға көшіп келген сионистерді орналастырып, БҰҰ-ның палестиналық жерлерден артқа шегіну туралы шешімін бұзды. Палестиналық жерлердің жаулап алынуынан бері жарты ғасырдан артық уақыт өтті. Израиль сионистік қалашықтар салып, оларды дамыту саясаттарын жалғастырып, тәуелсіз Палестина елін құру мүмкіндігін азайтуда. Заңсыз сионистік режим басында жері мен халқы жоқ режим болған. Бұл режим Паластинаны басып алып, өзіне жерді қамтамасыз етті. Содан кейін әлемнің әртүрлі елдерінен келген мигранттармен халқының санын арттырды.
Палестинаның 68 жыл бойғы басқыншылықта болуының салдары палестиналықтардың үйлерінен айырылып, ұрпағының қырылуына соқтырды. Бұл үдеріс әлі жалғасуда. Қазіргі уақытта әлем Палестина халқына қарсы ұзаққа созылған азап-қорлықты тоқтатуды талап етіп, халықтық ұйымдар құрып, сионистік режимге екі жылға санкция салды.
Израиль өткен онжылдықта саяси, экономикалық және мәдени оқшаулыққа түсіп, 70 жылға жуық уақыт бойы палестиналықтардың жағдайын қиындатып отыр. Қалашықтар басып алынған жерлерде салынып, дамуда. Алайда Палестина халқының әділет талап еткен жанайқайы Палестина халқының арасында өз жерлерін қайтарып алуға деген үміттің әлі үзілмегенін көрсетеді.