Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі Сауд Арабиясына ескерту жасады
Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі Сауд Арабиясына Йеменге қатысты әрекеттерінің салдарларына сақ болу жайында ескерту жасады.
Йеменнің «almasirah» ақпарат торабының хабарлауы бойынша, Абдолмалек әл- Хуси бейсенбі күні сөйлеген сөзінде: ""Кувейт келіссөздеріндегі Ансаролланың келісімгер тобы дәлелді тамамдау үшін өз қағидалары мен абыройын сақтауды қуаттай келе, қиын тисе де кейде шегінуге де әзір болды, бірақ қазір қарсы тарап кері қайтып, Йемен халқының берілуін талап етуде.
Йемен дағдарысын шешу үшін іс жүзінде шешім жолдары бар. Ансаролла қозғалысы көптеген жолдарды ұсынды, бірақ егер қарсы тарап өз шапқыншылығын жалғастыруды қаласа, Ансаролла да бейбітшілікке қанша бейім болғанымен, соғұрлым соғыс пен қарсыласуға да дайын.
Екіжүзді ағым бүгін ислам үмбетінің жауларымен бағыттас болып, өзінің барлық мақсаттары мен әрекеттері және бағдарламаларын солармен бағыттас етіп отыр" деді.