Иранның Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы лаңкестік жарылысқа реакция білдірді
(last modified Thu, 18 Feb 2016 09:08:04 GMT )
Ақп 18, 2016 15:08 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы лаңкестік жарылысқа реакция білдірді

ИИР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Түркия астанасындағы лаңкестік жарылысты айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Хосейн Джабер Ансари сәрсенбі күні кешке Анкарадағы лаңкестік жарылыс себепшілерінің әрекетін айыптаумен қатар, осы шабуылда құрбан болғандардың отбасыларына, Түркия халқы мен үкіметінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Джабер Ансари Анкарада болған лаңкестік жарылыстың әлемнің ортақ қауіп-қатері саналатын лаңкестікпен бірлесіп күресудің қажет екендігін тағы көрсеткенін айтқан.