-
Ансаролла: АҚШ пен Ұлыбритания енді Баб әл-Мандаб арқылы өтпеуі керек
Қаң 16, 2024 22:22Ансаролла қозғалысының саяси кеңсесінің мүшесі Йемен бірнеше сағат бұрын америкалық кемеге шабуыл жасағаннан кейін америкалық және британдық күштердің енді Баб әл-Мандаб арқылы өте алмайтынын ескертті.
-
Араб ақпарат құралдары: Иран зымырандары Сириядағы «Түркістан партиясы» лаңкестік тобының негізгі штаб-пәтерін жойды.
Қаң 16, 2024 17:00Оппозициялық топтардың орналасқан жері саналатын Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласындағы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасаған араб ақпарат құралдары: "Иранның шабуылдары өте дәл баллистикалық зымырандармен жасалып, «Түркістан партиясы» лаңкестік тобының негізгі штабы жойылды",- деп хабарлады.
-
Газаға қарсы соғыстың жүз күнінде 100 мың палестиналық қаза тапты
Қаң 15, 2024 23:21Еуропа-Жерорта теңізінің адам құқығына қатысты тәуелсіз ұйымы сионистік режимнің Газаға басқыншылығының жүзінші күніне қатысты есебінде: "Израильдің осы аймақтағы геноциді барысында 100 мың палестиналық қаза тапты, жараланды немесе жоғалып кетті",-деді.
-
Басып алынған жерлерде Нетаньяхуға қарсы ауқымды шеру өтті
Қаң 15, 2024 22:55Сенбі күні мыңдаған адам басып алынған жерлерде шеру өткізіп, Нетаньяхуды премьер-министрліктен алып тастауды талап етті.
-
Хайфадағы мұнай өңдеу зауыттары маңында жарылыс болды
Қаң 15, 2024 22:33Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хайфада мұнай өңдеу зауыттары маңында жарылыстың дыбысы естілді.
-
Палестина қарсыласу күштері Газа секторының солтүстігінің жартысын өз бақылауына алды
Қаң 15, 2024 19:48Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Палестина қарсыласу қозғалысының жауынгерлері соңғы күндері ілгерілеп, Газа секторының солтүстігінің жартысын өз бақылауына алды.
-
Насролла: Соғысқа дайынбыз, ештеңеден қорықпаймыз
Қаң 15, 2024 19:21Ливан Хизбулласының бас хатшысы осы партияның бұрынғы қолбасшысы шәһид Весам Хасан Тавилді еске алу рәсімінде: "Газа халқының сионистік режимнің басқыншылықтарына жүз күн төтеп беруі – аңызға тең оқиға. Газа халқы жеңілмейді, тізе бүкпейді",-деді.
-
Әбу Убайда: Күш қолдану – сионистердің қырып-жоюларына жауап
Қаң 15, 2024 18:11ХАМАС қозғалысының әскери тармағы Қассам батальондарының баспасөз өкілі сионистік режим армиясының басқыншылығына табанды қарсы тұрғандарына жүз күн толуына орай сөйлеген сөзінде: "100 күннің ішінде дұшпанның 1000-нан аса әскери көлігін жойдық. Жүздеген сәтті әскери операция жасадық",-деді.
-
Израиль армиясы: Газада 30 мың объектіні бомбаладық
Қаң 15, 2024 17:10Сионистік режимнің армиясы: "2023 жылы 7 қазаннан бері Газа секторында 30 мың объектіні, ал Ливанда 3400 объектіні бомбаладық",-деп мәлімдеді.
-
Тель-Авив үшін Газа соғысының шығыны 27 млрд шекелден асты
Қаң 14, 2024 21:29Al-Alam телеарнасының "Гаарец" газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тель-Авив үшін Газа соғысының шығыны 27 млрд шекелден асты.