Иран - Үндістанды мұнаймен қамтамасыз ететін үшінші ел
(last modified Sun, 26 Jun 2016 15:14:03 GMT )
Маусым 26, 2016 21:14 Asia/Almaty
  • Иран - Үндістанды мұнаймен қамтамасыз ететін үшінші ел

Иран Үндістанды 500 мың баррельден астам шикі мұнаймен қамтамасыз етуімен Сауд Арабиясы мен Ирактан кейін Үндістанды шикі мұнаймен қамтамасыз етуші үшінші ел болып табылады.

Мұнай мен энергия туралы ақпарат тарату арнасы ШАНА- ның мәлімдеуі бойынша, мұнай тасымалы негізінде жарияланған мәліметтер Үндістанның орта есеппен Иранның шикі мұнай импорты 2016 жылдың алғашқы тоқсанында күніне 4 млн 350 мың баррельге жеткенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш былтырғы осы уақытпен салыстырғанда күніне шамамен 500 мың баррель көбірек болған.

Үндістанға шикі мұнай экспортттаушылар арасында жарияланған статистикалық мәлімет бойынша, Сауд Арабиясы күніне шамамен 850 мың баррель шикі мұнай экспорттауының нәтижесінде өткен наурыз айында бірінші орында тұрды.

Ирактың осы елге шикі мұнай экспорты наурыз айында күніне 250 мың баррель қысқару арқылы өткен аймен салыстырғанда күніне 658 мың баррельге жетті.

Соның ішінде Үндістанның Ираннан шикі мұнай импорттау көлемі наурыз айында орта есеппен күніне 505 мың баррельге жетіп, өткен аймен салыстырғанда күніне шамамен 290 мың баррельге ұлғайған.