Арак реакторын қайтадан жобалау келісімінің жобасы Қытайға тапсырылды
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы: «Иран мен Қытай және «алтылық» тобының басқа мүшелері арасындағы Арак ауыр су реакторын қайтадан жобалау келісімінің жобасы дайындалып, қытайлықтарға тапсырылды. Аталмыш жобаны қазір қытайлықтар қарастырып жатыр»,- деді.
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди жексенбі күні ИСНА-ға берген сұхбатында Иран мен Қытайдың Арак ауыр су реакторына қатысты соңғы келіссөздерінің нәтижесі туралы: «Қытай мен «алтылық» тобының басқа мүшелерінің ынтымақтастығымен және Иран тарапынан іске асырылған келіссөздер алға ілгерілеп, жұмыстың шеңбері айқындалды. Арак ауыр су реакторын қайтадан жобалаудың Иранға қатысты жұмыстары жылдамдықпен іске асырылуда»,- деп мәлімдеді.
Камалванди сонымен бірге ирандық топтың өткен аптадағы Франция сапары туралы: «Иран Атом қуаты ұйымының делегациясы Франциядағы Атом қуаты саласына қатысты көрмеге қатысу және франциялық тараппен келіссөздер жүргізу мақсатында сол елге сапар шеккен болатын»,- деді.