Сауд Арабиясы Йеменді бомбалауды жалғастыратынын қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i1063
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Йеменді бомбалауды мақсаттары жүзеге асқанша жалғастыратындықтарын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 19, 2016 19:28 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йеменді бомбалауды жалғастыратынын қуаттады

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Йеменді бомбалауды мақсаттары жүзеге асқанша жалғастыратындықтарын қуаттады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр бейсенбі күні «Франция» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Сауд Арабиясы Йеменге қарсы әскери қимылдарын осы елдің отставкадағы президенті Мансур Хадиді билікке қайтарған кезге дейін жалғастырады. Тек Мансур Хадидің үкіметі ғана Йеменде заңдылық орната алады» деген уәж айтты.

Осындай жағдайда Йеменнің революциялық жоғары комитеті елдің халқын бүгін, жұма күні шеруге қатысуға шақырды.

Ливанның «әл- Аһд» торабының мәлімдеуінше, «Ансаролла» халықтық қозғалысына қарасты Йеменнің революциялық жоғары комитеті мәлімдеме жариялап, Йемен халқының түрлі таптарын жұма күні түстен кейін «Ел азаттығы» деген атаумен өтетін шеруге қатысуға шақырды.

Осы мәлімдемеде йемендіктердің Сауд әулеті режимінің шапқыншылығына тосқауыл қою үшін бірігуі қуатталған.

Ймен азаматтары ағымдағы ақпан айында елдің түрлі қалаларында Саудия режиміне қарсы талай рет шеру өткізді. Олар 9- шы ақпанда Санада БҰҰ- ның бюросы алдында өткізген шеруде осы ұйымнан Йеменді қоршауды және шапқыншылардың шабуылдарын доғаруды талап етті.