Америка мен Грузия қорғаныс саласында серіктестіктерді тереңдету туралы келісімшартқа қол қойды
Америка мен Грузия қайраткерлері қауіпсіздік пен қорғаныстық әлеуетті күшейту мақсатында Тбилисиде қорғаныс саласында серіктестіктерді тереңдету туралы келісімшартқа қол қойды.
Америка мен Грузия арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы байланыстарды күшейту туралы осы меморандумға АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Грузияның Үкімет басшысы Георгий Квирикашвили қол қойды.
АҚШ Мемлекеттік Департаментінің мәлімдеуінше, осы қорғаныс саласындағы келісім Грузия мен Америка арасында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты қуаттап, ынтымақтастықты кеңейтеді.
Георгий Квирикашвили кездесуден кейін Джон Керридің Тбилисиге жасаған сапары қос жақты байланысты күшейтеді деп мәлімдеді.