Қытайдағы АҚШ пен Оңтүстік Корея елдерінің елшілері шақырылды
Қытай СІМ АҚШ пен Оңтүстік Корея елдерінің елшілерін шақыртты.
Қытай СІМ- нің ақпарат хатшысы Хунг Ли АҚШ пен Оңтүстік Корея елшілерінің Вашингтон мен Сеулдің Корея түбегіне THAAD зымырандық құрылғысын орналастыру келісіміне наразылық ретінде шақырылғанын мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі бүгінгі мәлімдемесінде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның осы елге THAAD зымырандық құрылғысын орналастыруға келіскенін жариялады.
Қытай СІМ бұдан бұрын THAAD зымырандық құрылғысын орналастыру аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді және Корея түбегін ядролық қарусыздандыруға еш көмегін тигізбейді деп мәлімдеген болатын.
Оңтүстік Корея мен АҚШ Корея түбегіне THAAD зымырандық құрылғысын орналастыру жөнінде бірге шешім қабылдап, ядролық қарулар және Солтүстік Кореяның жаппай қырып жоятын қарулары мен зымырандық қоқан-лоққыларына қатысты Сеул мен Оңтүстік Корея халқының қауіпсіздігіне кепілдік үшін талпыныс жасап отыр.
THAAD құрылғысы жақын, орта және алыс қашықтыққа қолданылатын баллистикалық зымырандарды орнатудың соңғы кезеңінде ізін табу үшін жобаланған.