Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі нақтылық пен терең көзқарасты қажет етеді
Иран Сыртқы істер министрі: "Шарықтаулар мен құлдырауларға толы келіссөздерден жиырма жыл өтіп, Каспий теңізіне қатысты көп қырлы тақырыптардың түйінділігіне қарамастан осы су қоймасының маңыздылығы төмендеген жоқ" деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қазақстанда Каспий теңізінің жағалауындағы елдер Сыртқы істер министрлерінің саммитінде: «Каспий теңізінің құқықтық конвенциясы жағалау елдерінің құқығы мен міндетін және ынтымақтастық қағидалары мен қызметтерді анықтайтын жан- жақты құжат болып табылады.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу келіссөздері нақтылық пен терең көзқарасты қажет етеді. Келіссөздерде байқалатын ортақ түсінік саммитке қатысушы қайраткерлердің түсіністік нәтижесіне оң көзбен қарауына себеп болып отыр» деді.
Астанада өтіп жатқан Каспий теңізінің жағалауындағы елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында Каспий теңізіне қатысты ең маңызды мәселелер, соның ішінде құқықтық мәртебе конвенциясының алғашқы нұсқасының мазмұны және жұмыс тәртібі мен Қазақстанда өтетін Каспий теңізінің жағалауындағы елдер басшыларының алдағы саммитіне қажетті құжаттарды дайындау ісі қарастырылады.