Зариф: Америкалықтар уәделерінде тұрмайды
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Американың «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындаудағы қатынасын өте әлсіз деп атады.
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қазақстан сапарынан Теһранға оралу жолында Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Америкалықтар бұрыннан уәдеге берік болмаған, қазір де сондай. «Ортақ қадам» келісімін орындаудағы бағасы төмен. Әлем Иран халқын зорлық пен қысыммен қарсыласушы ұлт деп таниды. Иран «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелерін шынайы түрде орындап, қарсы тарапқа осы негізде уәдені бұзуға рұқсат етпейді. Уақыт тұрғысынан алғашқы келісім үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздер Иран үкіметінде бірнеше ай сайын АҚШ Конгресінде Иранға қарсы жаңа санкциялар бекітіліп жатқанда басталды. Сол кезде сионистік режимнің үкімет басшысы Беньямин Нетаньяху бір жаңа санкциямен қайтпаса Вашингтонға сапар шекпейді дейтін" деді.
Зариф БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мунның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы жуықтағы ұстанымын орынсыз деп атап: "Өкінішке орай, ол соңғы жылдарда өзінен жақсы атақ қалдырған жоқ, әсіресе Сауд Арабиясының атауын бала өлтірушілер тізімінен алып тастау жөніндегі соңғы шешімі БҰҰ- ның беделіне жаман әсерін тигізді" деді.