Ресейдің сауытты және зымырандық жаттығуы басталды
Шіл 19, 2016 20:20 Asia/Almaty
Ресей армиясының ауыр және жартылай ауыр сауытты, зымырандық және артиллериялық қаруларының жаттығуы Каспий теңізінің солтүстік жағалауларында Астрахань облысының Капустин әскери аймағында сейсенбі күні басталды. Жаттығу 29- шы шілдеге дейін жалғасады.
Осы бір күндік жаттығуда 500 техника, соның ішінде танк, зеңбірек және әуе қорғаныс құрылғылары дұшпанның шабуылдарына төтеп беру тактикалары бойынша жаттығады. Осы жаттығуда баллистикалық және қанатты зымыран ретінде дұшпанның ұшқышсыз ұшағы мен ұшақтарынан атылған зымырандар әуеде жойылады.