Түркия премьер-министрі АҚШ-қа ескерту жасады
(last modified Sun, 21 Feb 2016 09:55:10 GMT )
Ақп 21, 2016 15:55 Asia/Almaty
  • Түркия премьер-министрі АҚШ-қа ескерту жасады

Түркия премьер-министрі осы елдің АҚШ-пен одақтастығының текетіреске айналуы туралы ескерту жасады

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу сенбі күні бір баспасөз маслихатында тарих бойында одақтастықтары текетірес пен бәсекелестікке айналған елдердің болғанына тоқталып, АҚШ-тан Түркияға халықтық өзін-өзі қорғау бөлімшелерімен күресуде қолдау көрсетуді сұрады.

Түркия премьер-министрі Анкарадағы жуырда орын алған шабуылдан кейін осы елде қауіпсіздік шараларын арттыру қажеттігін қуаттап: "АҚШ үкіметі ешқандай сұрақ қоймастан өз одақтасы Түркияны қолдауы керек.

Түркия АҚШ-тан Анкарадағы лаңкестік шабуылда 28 адамның қаза болуына реакция ретінде Түркияға қарсы қоқан-лоққының АҚШ-қа қоқан-лоққы жасаумен тең екенін жариялауын күтеді" деді.

Бұл АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Джон Керби өткен сенбі күні Түркия үкіметінен Сириядағы Алеппо қаласында халықтық өзін-өзі қорғау бөлімшелеріне қарсы шабуылдарын тоқтатуды талап еткен кезде орын алды.