Зариф ертең Африканың батысына аттанады
https://itolqyn.com/news/world-i11620-Зариф_ертең_Африканың_батысына_аттанады
Иранның Сыртқы Істер Министрі африкалық қайраткерлермен кездесіп, сұхбаттасу үшін саяси-экономикалық делегацияны бастап, ертең жексенбі күні Африканың батысына жолға шығады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 23, 2016 19:05 Asia/Almaty
  • Зариф ертең Африканың батысына аттанады

Иранның Сыртқы Істер Министрі африкалық қайраткерлермен кездесіп, сұхбаттасу үшін саяси-экономикалық делегацияны бастап, ертең жексенбі күні Африканың батысына жолға шығады.

Мохаммад Джавад Зариф Африканың батысына жасайтын алты күндік сапарында Нигерия, Гана, Гвинея мен  Мали елдерінің басшыларымен кездесіп, сұхбаттасады. Осы елдердің Президенттері мен Парламент төрағалары және Сыртқы Істер Министрлерімен кездесу Иранның дипломатиялық органы басшысының африкалық елдерге жасайтын сапарының мақсаты деп жарияланды. Зарифтің африкалық төрт елге жасайтын сапары шілде айының 29-на дейін жалғасады.