Зариф Кабулда орын алған даңкестік шабуылды айыптады
ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні түстен кейін Ауғанстанның астанасы Кабулда болған лаңкестік әрекетті айыптады.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында: «Ауғанстандағы лаңкестік бомба қоюшылықтар ДАИШ тобы зұлымдығының тереңдігін көрсетеді»,-деп жазды.
Зарифтің Twitter-дегі жеке парақшасында: «Сенбі күні түстен кейін Ауғанстандағы лаңкестік бомба қоюшылықтар – ДАИШ зұлымдығының тереңдігінің келесі бір үлгісі. Шиіттер мен сүнниттердің екеуі де құрбан. Олар экстремистерді жеңу үшін бірігуі тиіс»,-деді.
Бұдан бұрын Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми де сенбі күні түстен кейін Кабулда болған лаңкестік әрекетті адамдық пен исламға қарсы деп атаған мәлімдемесінде: «Терроризм, экстремизм мен бейкүнә халықты қатерге тігу – әрдайым қай жерде болса да түсіндіруге де, қабылдауға да келмейтін іс»,-деді.
Кабулдағы қауіпсіздік және медициналық көздердің хабарлауынша, сенбі күні түстен кейін Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында болған жарылыс салдарынан шамамен 80 адам қаза болып, 300 адам жараланды. ДАИШ лаңкестік тобы Кабулдағы жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.