Зариф Нигерия Президентімен кездесті
(last modified Tue, 26 Jul 2016 11:24:00 GMT )
Шіл 26, 2016 17:24 Asia/Almaty
  • Зариф Нигерия Президентімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі мен Нигерия Президенті кездесіп, екіжақты қарым-қатынас, аймақ пен әлемдегі маңызды өзгерістер мен мәселелер жөнінде сұхбаттасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нигерия Президенті Мұхаммад Бухари дүйсенбі күні Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифті қабылдауында: «ИИР-ның аймақ пен әлемде қауіпсіздік орнату үшін жасап жатқан талпыныстары мен рөлі алғыс айтуға тұрарлық»,-деді.

Нигерия Президенті Иранның техника, технология және экономика салаларындағы жетістіктеріне тоқталып: «ИИР бір өнімге арқа сүйеген ел емес, сол себепті Нигерия үшін осы салада жақсы үлгі болып отыр»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі де осы кездесуде Иран мен Нигерияның байланыстарын кеңейтудің маңыздылығына тоқталып: «Иран  Нигериямен екі елдің де дұшпаны болып табылатын Боко Харам мен басқа да лаңкестік топтармен күресте әріптестік жасауға дайын»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Африканың батысындағы 4 елге сапарының жалғасында дүйсенбі күні кешке Гананың астанасы Акраға ат басын тіреді.