"Иранға үрке қарау" үдерісінің жойылуымен сионистік режим мен Саудияның қылмыстары көбірек әшкереленеді
https://itolqyn.com/news/world-i11803-Иранға_үрке_қарау_үдерісінің_жойылуымен_сионистік_режим_мен_Саудияның_қылмыстары_көбірек_әшкереленеді
Иран Сыртқы істер министрі юүгінде сионистік режим мен Саудия режимі қылмыстарының бұрынғыдан көбірек әшкереленіп жатқанын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 27, 2016 08:03 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі юүгінде сионистік режим мен Саудия режимі қылмыстарының бұрынғыдан көбірек әшкереленіп жатқанын айтты.

ИРНА тілшісінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні кешке Ганада тұратын ирандықтардың ортасында сөйлеген сөзінде соңғы жылдары «Иранға үрке қарау» үдерісінің жойылуына сілтеме жасап: ««Иранға үрке қарау» үдерісі сионистер мен Саудия режимінің үлкен қаржы жұмсауымен жүріп жатыр. Осы мәселе олардың қылмыстарын бұрынғыдан көбірек әшкерелейді.

Бүгінде әлемнің уахабизм негізгі қауіп деген шындыққа көзі жетіп отыр. Ол әлемді әсірешілдікпен бетпе-бет келтіріп отыр. «Иранға үрке қарау» үдерісінің жойылуымен, біртіндеп осы қылмыстар анықталады.

Бағыттас режимдер болып табылатын сионистік режим мен Саудия режимінің ынтымақтастығы бүгінде әшкереленіп отыр. Бұдан әрі оны жасыруға болмайды» деп мәлімдеді.

Гана сапарының Африкаға жасаған алтыншы сапары екенін айтқан Зариф: «Африкаға сапарымда менімен бірге үлкен экономикалық делегация келді. Осының өзі Иранның Африка мен осы құрлықтағы жекеменшік бөлімге мән беретіндігін көрсетеді.

Біздің сыртқы саясаттағы көзқарасымыз жан- жақты көзқарас болып табылады. Африка құрлығына сапар шегу Иранның сыртқы және экономикалық тең саясатқа ие екендігін көрсетеді» деді.