Халықаралық қауымдастық тарапынан Израильді айыптау жалғасуда
Халықаралық өзгерістер сионистік режимге қарсы әлемдік реакциялардың ауқымдырақ көлемге ие болғанын және халықаралық қауымдастық пен қоғамдық пікір әртүрлі формада сионистік режимнің басқыншылығына жиіркенішін білдіріп, Палестина халқының құқығын қолдайтынын көрсетеді.
Осы аяда сионистік режимнің өзін еврей үкіметі ретінде таныстыруға бағытталған шаралары күшейгенінен кейін БҰҰ-ның әртүрлі органдары бірнеше қарар бекіту арқылы осы режимнің басып алынған жерлердегі үстемшілдік және басқыншылық шараларына ашық түрде қарсылық білдірді.
Осы салада БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі қарар бекітіп, сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы басқыншылығын айыптады.
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ECSOC) Израиль режимін басқыншылықтың Палестина халқының тұрмыс жағдайына тигізген экономикалық және әлеуметтік салдарлары үшін айыптап, осы режимге қарсы қарар қабылдады.
Бұл қарарда «Сионистік режим Сирияның басып алынған Голан биіктігінде тұрақты дамуға қол жеткізу шараларын да кешеуілдетті, сионистер осы аймақ халқының тұрмыс жағдайының ауырлауына жауапты» деп қуатталды.
Екі ай бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір мәлімдемесінде Израильді басып алынған жерлерде «психикалық және физикалық денсаулық пен қоршаған орта» құқықтарының бұзылуына жауапты деп атады.
Сионистік режимнің экспансиялық және басып-жаншу саясаттарының жалғасуы әлемдік қауымдастыққа басқыншы әрі адамзатқа қарсы режимнің болмыс-бітімін бұрынғыдан көбірек әшкерелей түсті, сол себепті өткен онжылдықтарда әлемдік қауымдастық Палестина халқының құқықтарын қолдауға бағытталған халықаралық шараларға да көбірек куә болып отыр.
Сионистік режим өзінің басқыншылықтары мен қылмыстары себебінен халықаралық сахнада саяси-экономикалық, мәдени-дипломатиялық салаларда өз жолының тарылғанына куә болып отырған жағдайда әлемдік қауымдастық Палестина халқының құқықтарын қолдау бағытында әрекет етуде.
Палестина халқы әлем халықтарының талабына сәйкес БҰҰ-ның Палестина халқын қолдауға бағытталған байсалды да практикалық қадамдар жасауын күтеді. БҰҰ-ның әртүрлі органдарында сионистерге қарсы көптеген қарарлардың бекітілуі сионистік режимге қарсы халықаралық наразылықтардың осы халықаралық ұйымға да жеткенін көрсетеді.
БҰҰ-ның әртүрлі органдарында қабылданған шешімдер орындалу кепілдігіне ие болмаса да, олардың қаулылары қоғамдық пікірге қатты әсер етіп, осы халықаралық ұйым мүшелерінің басым бөлігінің бағдарын анықтайды.
БҰҰ-ның реакциялары сионистер мен олардың демеушілерінің қоғамдық пікірді Палестина мен палестиналықтардың құқығы тақырыбынан алшақтатуға бағытталған әрекеттерінің тағы да сәтсіз болғанын көрсетеді.
Сионистік режим Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағын лаңкестік әрекеттер алаңына айналдырып, аймақтың назарын осы тақырыпқа ауыстыру арқылы енді осы басқыншы режимге көңіл аударылмайды деп ойлаған.
Алайда әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің тағы да Палестина халқын қолдауы, Палестина мемлекетін құру туралы тақырыпты көтеруі және сионистерге қарсы көптеген қарарларды бекітуі шын мәнінде сионистер мен олардың демеушілерінің бос қиялына ескерту болып саналады.
Тағы бір ойландыратын жайт, ол БҰҰ-ның сионистерге қарсы қарарлары қоғамдық пікірді бағыттауда әсерлі рөл атқарғанымен бұл ұйымның қолдаулары сөз жүзінде қала беретін болса, палестиналықтардың жағдайы мен Палестина дағдарысына еш көмектеспейді.