Трамп Қырымның Ресейге қосылуына қатысты ұстанымын білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i11914-Трамп_Қырымның_Ресейге_қосылуына_қатысты_ұстанымын_білдірді
Американың алдағы президенттік сайлауындағы республикашыл партияның үміткері Дональд Трамп егер Ақ Үйге жол табатын болса, Қырым түбегінің Ресейге қосылу мәселесін ресми деп тануға әзірлігін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 29, 2016 00:51 Asia/Almaty
  • Трамп Қырымның Ресейге қосылуына қатысты ұстанымын білдірді

Американың алдағы президенттік сайлауындағы республикашыл партияның үміткері Дональд Трамп егер Ақ Үйге жол табатын болса, Қырым түбегінің Ресейге қосылу мәселесін ресми деп тануға әзірлігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, егер президент болса, Ресейге қарсы Батыс елдері тарапынан салынған санкцияларды жойып, Қырым түбегінің Ресейге қосылуын ресми түрде тану ісін қарастыратынын айтты. Трамп бұдан бұрын да кейбір маңызды мәселелер, соның ішінде Сирия дағдарысы мен мұсылмандардың Америкаға миграциясы мен заңсыз иммиграция туралы жанжал тудыратын ұстанымдарын жария еткен болатын.

Бұл сөздер Американың республикашыл партиясы Қырым түбегінің Ресейге қосылуын ресми деп танымайтын, тіпті Ресейге салынған санкцияларды сақтап, қажет жағдайда күшейткен жағдайда айтылып отыр. Қырым тұрғындары 2014 жылдың наурыз айының 16 күні референдум өткізіп, көпшілік дауыспен Ресейге қосылуға келісетіндіктерін жариялады. Америка мен батыс елдері референдумнан кейін және Қырым түбегі Ресейге қосылған соң да Мәскеуге қарсы талай рет санкция салды.