Сауд Арабиясындағы мыңдаған үндістандық жұмысшының жағдайы ауыр
https://itolqyn.com/news/world-i12118-Сауд_Арабиясындағы_мыңдаған_үндістандық_жұмысшының_жағдайы_ауыр
Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж Сауд Арабиясында мыңдаған үндістандық жұмысшының өте ауыр жағдайда өмір сүріп, аштықтан азап шегіп жатқанын айтып:
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 02, 2016 15:00 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясындағы мыңдаған үндістандық жұмысшының жағдайы ауыр

Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж Сауд Арабиясында мыңдаған үндістандық жұмысшының өте ауыр жағдайда өмір сүріп, аштықтан азап шегіп жатқанын айтып:

«Сауд Арабиясы мен Кувейттегі үндістандық жұмысшылардың көбі өз жұмыстарынан айырылған. Жұмыс берушілері оларға жалақы бермей, өз зауыттарын жапқан»,-деді.

Ол бүгінде Сауд Арабиясындағы мыңдаған үндістандық жұмысшының азық-түлік дағдарысына ұшырап отырғанын ескертті.

Келіп түсіп жатқан мәліметтер бойынша, Сауд Арабиясы мен Кувейттегі жүздеген үндістандық жұмысшы мұнай бағасы төмендеп, зауыттар жабылғаннан кейін жалақы алмаған.