Иран СІМ АҚШ Барлау ұйымының сөздеріне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i12130-Иран_СІМ_АҚШ_Барлау_ұйымының_сөздеріне_реакция_білдірді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Барлау ұйымы басшысының Иранға қатысты сөздерін жөнсіз әрі күмәнді деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 02, 2016 15:23 Asia/Almaty
  • Иран СІМ АҚШ Барлау ұйымының сөздеріне реакция білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Барлау ұйымы басшысының Иранға қатысты сөздерін жөнсіз әрі күмәнді деп атады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми  дүйсенбі күні  АҚШ Барлау ұйымының басшысы Джон Бреннанның «Иран мен АҚШ арасында ауқымды мәселелер бар» деген сөздерін теріске шығарып: «Ядролық мәселеден басқа АҚШ пен Иранның арасында ешқандай келіссөз жүргізілген жоқ, жүргізілмейді де»,-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бреннанның Иранның ішкі мәселелері жөнінде жөнсіз пікір айтатындай дәрежеде емес екенін айтып: «АҚШ қайраткерлерінің мұндай сөздері Иран қоғамына іріткі салып, оны екі полюске бөлуге психикалық тұрғыдан ықпал ету мақсатында жасалады. Сондықтан мұндай сөздер айыпталады»,-деді.