Украина үкіметі қарсыластар басшыларының біріне қарсы жасалған қастандыққа қатыстылығын теріске шығарды
Там 07, 2016 16:26 Asia/Almaty
Украина үкіметі осы елдің шығысындағы Луганск автономды республикасының басшысы Игорь Плотницкийді өлтіруге қатыстылығын теріске шығарды.
Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Украина армиясының ақпарат өкілі сенбі күні: «Украина үкіметінің бұл қастандыққа қатысы жоқ. Өйткені бұл іс қисынсыз әрі ешқандай мәселені шешпейді»,-деп хабарлады.
Плотницкий кеше өз көлігіне жақын жерде болған бомба жарылысынан жараланды.
Луганск автономды республикасының басшысы Игорь Плотницкий сенбі күні сәтсіз террордан кейінгі жағдайының жақсы екенін айтып, Украина үкіметін осы террорға жауапты деп айыптады.
Тегтер