Ресейліктер лаңкестікпен күреске қатысты жаңа заңға қарсы шеру өткізді
(last modified Wed, 10 Aug 2016 09:10:40 GMT )
Там 10, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Ресейліктер лаңкестікпен күреске қатысты жаңа заңға қарсы шеру өткізді

Ресей халқының бір тобы осы елдің астанасы Мәскеуде лаңкестікпен күреске қатысты жаңа заңға қарсы шеру өткізді.

France Press ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресейдің жүздеген азаматы сейсенбі күні  Мәскеудің көшелеріне шығып, осы елдегі лаңкестікпен күрес заңына өзгерістер енгізу жобасына наразылық білдірді.

Осы мәлімет бойынша, 2016 жылы 7 шілдеде Ресей Президенті Владимир Путин қол қойған осы заңның түзетілуіне қарсылар мұны ғаламтор қолданушыларының құқықтарын бұзу деп атады.

Жаңа жобаның бекітілуімен Ресейде арнайы органдардың байланыс жүйелерін бақылауы артып, ғаламторда қызмет көрсететін компаниялар соғылған телефондар, хабарламалар, виртуалды кеңістікте жіберілген   суреттер мен видеоларды алты ай бойы сақтауға міндеттелетін болады.