Иран мен Ауғанстан арасында экономикалық және қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық кеңейеді
(last modified Thu, 11 Aug 2016 09:07:01 GMT )
Там 11, 2016 15:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Ауғанстан арасында экономикалық және қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық кеңейеді

ИИР-ның Ішкі істер министрі мен Ауғанстанның Қаржы министрі екі елдің экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастығын кеңейту жолдарын талқылады.

ИИР-ның Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани Фазли мен Ауғанстанның Қаржы министрі Эклиль Хакими Теһранда екіжақты мәселелермен қоса, аймақтағы маңызды өзгерістер жөнінде сұхбаттасты.

ИИР Ішкі істер министрі мен Ауғанстан Қаржы министрінің кездесуі Теһранда Иран-Ауғанстан ынтымақтастығы ортақ комиссиясының бесінші отырысы аясында өткізілді. Осы отырыс аясында төрт топ құрылып, тараптар осы жұмыс топтары құрамында бір-бірімен пікір алмасты.