Ресей Украинаға ескерту жасады
Ресей Сыртқы істер министрлігі Украинаның қайшылықтар тудыруына қатысты ескерту жасады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап: «Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің талпынысымен Ресейде Украинаның Қорғаныс министрлігі күштері тарапынан ұйымдастырылған бірнеше лаңкестік шабуылдың алды алынды. Олар Қырымның негізгі орталықтарын нысанаға алған болатын. Украина басшылары негізсіз мәлімдемелерімен шындықты теріске шығарып, өз әрекеттерінің міндеттерін екінші жаққа жүктеп отыр»,- деп мәлімдеді.
Ресей әскери күштерінің үш теңіздің жағалауында орналасқан Қырым түбегіне бірнеше бүлікшіні кіргізбеу әрекеттерінде екі ресейлік әскери украиналық күштердің оғынан өлді.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің сұрауымен Ресей мен Украина шекарасындағы атысты талқылауға қатысты төтенше отырыс өткізуге келіскен соң жарияланды. Ресей Украинаны Қырым түбегіне бүлікшілер аттандыруымен айыптады. Бүгін, жұма күні осы мәселеге қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі төтенше отырыс өткізеді.