Зариф: Сирияда атыс тоқтатудың егжей- тегжейі әлі келісілген жоқ
https://itolqyn.com/news/world-i1279-Зариф_Сирияда_атыс_тоқтатудың_егжей_тегжейі_әлі_келісілген_жоқ
Еліміздің Сыртқы істер министрі Сирияда атысты тоқтатудың егжей- тегжейі туралы әзірше келісімнің жасалмағанын мәлімдеп: "Иран Ислам Республикасы қантөгісті тоқтатуға ұластырып, Сирия халқының өмірін қорғайтын кез- келген шараны қолдайды" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 22, 2016 21:31 Asia/Almaty
  • Зариф: Сирияда атыс тоқтатудың егжей- тегжейі әлі келісілген жоқ

Еліміздің Сыртқы істер министрі Сирияда атысты тоқтатудың егжей- тегжейі туралы әзірше келісімнің жасалмағанын мәлімдеп: "Иран Ислам Республикасы қантөгісті тоқтатуға ұластырып, Сирия халқының өмірін қорғайтын кез- келген шараны қолдайды" деді.

Мұхаммад Джавад Зариф бүгін Босния Сыртқы істер министрі Игорь Црндакпен өткізген ортақ ақпарат отырысында: «Ислам республикасы әрдайым Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтынын, жалғыз шешім жолының сириялық түрлі тараптар арасында келіссөз өткізу екендігін, әрі шешім жолын Сирия халқына тапсыру керектігін баса айтып келеді. Өзге елдердің міндеті сұхбаттасуларға шарт қою емес, оны жеңілдетіп, сұхбаттардың аясын белгілеу болып табылады. Иран Ислам Республикасы әрдайым атысты дереу тоқтатуды және Сирияның барлық аймақтарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қуаттады» деді.