Солтүстік полюсте АҚШ-тың құпия базасы табылды
Қырғи-қабақ соғысы кезеңінен қалған АҚШ-тың әскери құпия базасы Гренландия аралының солтүстігіндегі мұз таулар еріген соң әшкере болды.
ИСНА ақпарат агенттігінің Dailystar агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл база Project Iceworm деп аталып, құпия әрекеттерін нәтижеге жеткізу мақсатында салынған болатын. Бұл базада 600 ядролық зымыран орналастырылу көзделді. Гренландияға жауапты Дания басшылары бұл базаның орналасуынан хабардар болды. Бірақ Dailystar агенттігінің жазуынша олар мәліметтердің негізгі пайдаланысы туралы мәліметтерге ие болған жоқ.