Қытайдың мыңдаған қайраткері заң бұзушылық айыбымен жазаланып, айыппұл төледі
https://itolqyn.com/news/world-i13321-Қытайдың_мыңдаған_қайраткері_заң_бұзушылық_айыбымен_жазаланып_айыппұл_төледі
Қытай осы елдің мыңдаған ресми қайраткерінің заң бұзушылық айыбымен жазаланып, айыппұл төлегенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 23, 2016 22:06 Asia/Almaty
  • Қытайдың мыңдаған қайраткері заң бұзушылық айыбымен жазаланып, айыппұл төледі

Қытай осы елдің мыңдаған ресми қайраткерінің заң бұзушылық айыбымен жазаланып, айыппұл төлегенін хабарлады.

Қытай коммунистік партиясы 4400- ден астам ресми қайраткердің осы партияның заңын бұзғаны үшін 2016 жылы шілдеде жазаланып, айыппұл төлегенін хабарлады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай коммунистік партиясы бүгін сейсенбі күні 2016 жылдың басынан қазірге дейін осы партияда 22200- ден астам заң бұзушылық жайтының анықталып, 31310- адамға қарсы заңды шара қолданылғанын мәлімдеп: "Осы уақытқа дейін партияның 4417- ден астам мүшесі заңды бұзғаны үшін жазаланып, айыппұл төледі" деді.

Қытай басшысы 2012 жылы коммунистік партияның бас хатшысы болған соң жемқорлыққа тосқауыл қою үшін ауқымды талпыныс бастады.

Коммунистік партияның аға қайраткерлері мен қарулы күштер және үкіметтік алып компаниялар жемқорлыққа тосқауыл қоюдың негізгі мақсаты болып табылады.