Мәскеуде болған өрт апатында Қырғызстан азаматтары қаза болды
(last modified Sun, 28 Aug 2016 14:05:32 GMT )
Там 28, 2016 20:05 Asia/Almaty
  • Мәскеуде болған өрт апатында Қырғызстан азаматтары қаза болды

Өткен күні Мәскеу қаласында болған өрт апатында қаза болғандардың он жетісі Қырғызстан азаматтары болды.

Мәскеудегі баспахана қоймасында орын алған өрт апатынан құрбан болған Қырғызстан азаматтарының басым көпшілігі 18- 26 жас аралығындағы қыздар. Ресейдің Төтенше жағдайлар басқармасының төрағасы Интерфакс ақпарат агенттігіне берген мәліметте ғимараттағы қоймалардың біріндегі электр тұйықталуының өрт апатына себепкер болғанын мәлімдеді. Өткен жылы да Ресейде болған бірнеше өрт апатынан Тәжікстан азаматтары жан тапсырған болатын.