Сардар Солеймани - әлемдегі қарсыласу майданының бір бөлігі
Ирактың «әл- Ноджбай» қозғалысының бас хатшысы сардар Ғасем Солейманиді әлемдегі қарсыласу майданының бір бөлігі деп атады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың «әл-Ноджбай» қозғалысының бас хатшысы шейх Акрам әл- Кағби жексенбі күні Теһранда ақпарат отырысында сардар Ғасем Солейманидің Ирактағы қарсыласудың бірігуіндегі рөліне тоқталып: «Оның Иракта болуы Ирак үкіметінің ресми өтініші бойынша іске асты. Сардар Солеймани барлық іс- қимылдарға кеңесші ретінде қатысып отыр.
Ирак ДАИШ-пен күресте сардар Солеймани мен оның үзеңгілестерінің қызметін қажет етеді. Дұшпандардың исламмен еш байланысы жоқ. АҚШ Катар, Сауд Арабиясы және Түркия арқылы лаңкестерді басқарып отыр» деді.
Ирактың «әл- Ноджбай» қозғалысының бас хатшысы Бағдадтағы Сауд Арабиясының елшісі Самер әл- Сахбанның лаңкестерге қолдау көрсетудегі жасырын рөліне тоқталып: «Әл- Сахбан саяси емес, барлаушы тұлға. Оның Иракта болуы тиімсіз» деді.